«Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі Ақмола облысының білім басқармасы Ерейментау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Бестогай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз мерекесіне арналған сынып сағаты

06.03.2018

Бестоғай

негізгі мектебі КММ

 

 

 

Сынып сағаты.

Тақырыбы: «Сыйынар ем, «Ана» деген тәңірге»

 

Сынып:

6

 

 

 

 

Өткізген:

Бажикеев С.Г

 

 

 

2017

– 2018 оқу жылы

 

Тақырыбы: «Сыйынар ем Ана деген тәңірге»

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы

ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды

мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын

арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: аналар

жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.


Барысы:

Кіріспе:

Мұғалім сөзі:

Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары, қыздары! Ең

бірінші ҚР Президенті Елбасымыз Нұрсұстан Ә.Н – тың 8 – Наурыз  халықаралық әйелдер күні мерекесіне кезекті

құттықтауын тамашалайық. (Видео 1) Биыл 8 наурыз мерекесі әлемде 108 – рет ата өтіліп жатыр

екен. Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні

өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім

шуағын шашып жүре беріңіздер.

Медет 1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар,

қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз

Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін

келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар

мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір

өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш

өлең-дастанды

Бәрі де, ана бір

өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім

алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе

еркелеп,

Жасқандым ба, тек

өзіңнен жасқандым.

 

Мұхамеджан 2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар,

біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі

құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын

тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын.

Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Ардақты ана, аяулы

ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп

талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ

сүтің,

Кең құшағың аясындай

гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге

берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың,

данасың!

Қарайтыным қас-қабағың

бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым, - дей отырып, аналар

жайлы өлең шумақтарын тыңдайық оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

Медет 1-жүргізуші:

Хадис: Мұхаммед айтқан: «Жәннәт-аналардың

аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде

қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына

қуаныш әкеледі дейді.

Мұхамеджан 2-жүргізуші:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып,

тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы

ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті

сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.

 

Орындайтын: Медет – Париж, Дубай, Лондон;  Сәрсенбай – Тәтті ару.

 

Медет

1-жүргізуші:

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар.

Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі.

Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Ендеше 6 сынып оқушыларының ару қыздарының орындауында ана туралы әсем әнін

тыңдаңыздар. (Анашым)

Мұхамеджан 2-жүргізуші:

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай

құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі

ана деген сөзбен астасып жатыр. Ән: Сәрсенбай – Шын ғашықтар.

Медет 1-жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары, - деп назарлаңызға

халықаралық әйелдер күніне арналған видео слайдты тамашалаңыздар. (Видео 2)

Назарларыңызға Алтыншаш – Албина - Сұлушаш ән

«Асыл әжем»

 

Мұхамеджан 2-жүргізуші:

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын,

аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды,

ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін

де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Анады да, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.

Ниетің қабыл болсын, аналарым,

Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз, - дей отырып

мерекелік кешімізді аяқтаймыз, келіп тамашалағандарыңызға көптен – көп рахмет!

Просмотров: 2468

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст