«Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі Ақмола облысының білім басқармасы Ерейментау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Бестогай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шәкірт жетістігі-мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі

22.10.2019

Шәкірт жетістігі-мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жемісі

    Ұлы Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт-тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Шәкірт ұстазға қарап өседі.Ол ұстазының білімін, тәрбиесін, кеңесін алады.Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді.Алайда оқушыны білімге қызықтырып, өз әлеміне баурап алу үшін ұстазға дариядай терең білім, биік парасаттылық, талмас еңбекқорлық, таза ниет керек.

      Осыған орай еліміздің білім деңгейін арттыру мақсатында сонымен қатар, мұғалімдердің жетістігі үшін биік парасаттылық, талмас еңбекқорлықпен жұмыс атқарып отырған «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар Академиясы» қоғамдық қорының жетекшілігімен жүргізіліп келе жатқан әрбір

іс-шараға  Ақмола облысы Ерейментау ауданы Бестоғай негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Мусина Құралай Хамзеновнаның қосқан үлесінің жемісі болып табылатын жетістіктері ерекше.

      Атап өтсек, 2018-2019 оқу жылында «Астана менің сүйікті қалам!» атты эссе байқауында 10 оқушыны қатыстырып, I дәрежелі дипломдар, алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар Академиясы» ұйымдастыруымен  Нұр-сұлтан қаласында өткен

«Олимпиада слеті-2019»  атты іс-шарасында  аталған мектептің 5- оқушысы дипломмен, медальмен, жетекшісі алғыс хат, сертификат және де мектепке кубок табысталып  марапатталған  болатын.

     Сондай-ақ «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар Академиясы» ұйымдастыруымен  өткен биылғы оқу жылының 18 қазан айында

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Білім Министрлігі, «Нұр-Отан» партиясының өкілдері және Парламент депутаттарының қатысуымен  «IV Ұлттық Премия» марапаттау рәсіміне қатысу  мәртебесі Бестоғай  негізгі  мектебінің қазақ  тілі мен  әдебиет пәнінің  оқытушысы  Мусина  Құралай  Хамзеновнаға бұйырған.

  • Еліміздің білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін  Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы президентінің -АЛҒЫС ХАТЫ;
  • «Көшбасшы педагог-2019» атты Ұлттық сертификат;
  • Қазақстан Республикасындағы  ғылымды  жандандыру саласындағы сіңірген еңбегі үшін Қаныш Сәтпаевтың орденімен марапатталды.

Шыныменде Ұрпақ тәрбиесі ол-ұстазға байланысты болмақ. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.Сондықтанда ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына  құрмет қашанда арта бермек!

 

Камтаева Ш.Е  Оқу ісінің орынбасары

Просмотров: 541


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст