«Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі Ақмола облысының білім басқармасы Ерейментау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Бестогай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз Әлеуметтік желілерде

 

@ereimentau_bestogai_mektebi_

 

Байланыс нөмірі: 8771-247-80-04; 8-716-33-34-5-13

Сәрсенбі күні 

09:00-17:00

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәуелсіздік күні

19.12.2018

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 27 жыл толды.

Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халықтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.

Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне жиырма жеті жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр, дей отырып 16 желтоқсан Қазақстан Республиксының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Просмотров: 410


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст