@ereimentau_bestogai_mektebi_
Байланыс нөмірі: 8-716-33-34-5-13
Сәрсенбі күні
09:00-17:00
Бестоғай негізгі
мектебінде 2017-18 оқу жылы
ақпанның 01- 12
аралығында өткізілген
«Өзін-өзі тану:
Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»
тақырыбындағы
онкүндіктің есебі туралы ақпарат
Өзін-өзі тану нәтижесінде ғана адам
өзінің рухани өсу қабілетін шыңдайды, өзін-өзі жетілдіре түседі де,өмірдің
рахатын сезініп оның мән-мағынасын түсінеді.Адам бойындағы өзінің Менін тануға
деген қажеттілік жеке тұлғаны еңбекке, қарым-қатынасқа, белгілі бір
жетістіктерге деген іргелі әлеуметтік қажеттіліктермен парапар болады.
01.02. 1- 9 сыныптармен өзін-өзі тану пәні
мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық
педагогикасы» атты онкүндіктің салтанатты саптық ашылу жиыны өткізілді
.Жиында
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік
білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаеваның өмірбаяны, еңбек жолдары туралы
мағұлмат берілді және оқушыларға онкүндік іс-шараның жоспары таныстырылды.
02.02. 6-7 сыныптармен мектеп кітапханашысы
Усенова Жансұлу Кайырқызының жетекшілігімен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының
авторы
Сара
Алпысқызы Назарбаеваның өмірбаяны, еңбек жолдары «Бөбек» қорына жасаған
қайырымдылықтары туралы толық мағұлмат берілді.
05.02. 2-9 сыныптармен «Алтын жүрек анамыз»
мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.Әр сынып өздерінің дайындап келген өлеңдерін
мәнерлеп, нақышына келтіре оқып, «мақтау» қағаздарымен марапатталды.
06.02. 8-9 сыныптармен оқу-тәрбие ісінің
меңгерушісі «Әдептілік-әдемілік белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
07.02. 1-6 сыныптармен аға тәлімгер Хамзенова К.Б. «Ана,мейірімділік,бейбітшілік және достық»
тақырыбында оқушылардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
Оқушылардың
осы тақырыптарда салған суреттері, қолдан жасалған жұмыстары тамашаланды және белсене
қатысқан сыныптар аталып өтілді.
08.02.2- 7 сыныптар аралығында ашық сабақтар
өткізілді.
2а- сыныбында «Дос болуды үйренеміз» Бакенова Г.К.
3а- 4 а сыныбында «Өнерлі бала сүйкімді» Темірғалиева А.Г.
6а сыныбында «Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ» Сагнаева Р.К.
09. 02. 2-6 сыныптар аралығында «Ән –көңілдің ажары» ән фестивальі өткізілді.
09.02. 5 а- 9 а сыныптар аралығында «Жүректен
жүрекке» қайырымдылық акциясына байланысты өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Сагнаева Р.К. ұйымдастыруымен концерт өткізілді.
12.02.Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Махаббатқа толы жүрек
жылуы» 10 күндік іс-шараның жабылу жиыны
өткізілді.
Сонымен қатар 10 күндік іс-шараға белсене қатысқан оқушылар «мақтау» қағаздарымен
марапатталды.
Қорытындылай келе «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты апталық өте қызықты өтті.Оқушылар бұл апталыққа өте белсене қатысып, өздерін әр қырынан көрсете білді.