«Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі Ақмола облысының білім басқармасы Ерейментау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Бестогай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану пәні апталығы

15.02.2018

Бестоғай негізгі

мектебінде 2017-18 оқу жылы

ақпанның 01- 12

аралығында  өткізілген

«Өзін-өзі тану:

Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

тақырыбындағы

онкүндіктің есебі туралы ақпарат

 

         Өзін-өзі тану нәтижесінде ғана адам

өзінің рухани өсу қабілетін шыңдайды, өзін-өзі жетілдіре түседі де,өмірдің

рахатын сезініп оның мән-мағынасын түсінеді.Адам бойындағы өзінің Менін тануға

деген қажеттілік жеке тұлғаны еңбекке, қарым-қатынасқа, белгілі бір

жетістіктерге деген іргелі әлеуметтік қажеттіліктермен парапар болады.

 

01.02.   1- 9 сыныптармен өзін-өзі тану пәні

мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық

педагогикасы» атты онкүндіктің салтанатты саптық ашылу жиыны өткізілді

.Жиында

«Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік

білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаеваның өмірбаяны, еңбек жолдары туралы

мағұлмат берілді және оқушыларға онкүндік іс-шараның жоспары таныстырылды.

02.02.  6-7 сыныптармен мектеп кітапханашысы

Усенова Жансұлу Кайырқызының жетекшілігімен «Өзін-өзі тану»  рухани-адамгершілік білім беру жобасының

авторы

Сара

Алпысқызы Назарбаеваның өмірбаяны, еңбек жолдары «Бөбек» қорына жасаған

қайырымдылықтары туралы толық мағұлмат берілді. 

05.02.  2-9 сыныптармен «Алтын жүрек анамыз»

мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.Әр сынып өздерінің дайындап келген өлеңдерін

мәнерлеп, нақышына келтіре оқып, «мақтау» қағаздарымен марапатталды.

06.02.   8-9 сыныптармен оқу-тәрбие ісінің

меңгерушісі «Әдептілік-әдемілік белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

07.02.   1-6 сыныптармен аға тәлімгер Хамзенова К.Б.  «Ана,мейірімділік,бейбітшілік және достық»

тақырыбында оқушылардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Оқушылардың

осы тақырыптарда салған суреттері, қолдан жасалған жұмыстары тамашаланды және белсене

қатысқан сыныптар аталып өтілді.

08.02.2- 7 сыныптар аралығында ашық сабақтар

өткізілді.

2а- сыныбында «Дос болуды үйренеміз» Бакенова Г.К.

3а- 4 а сыныбында  «Өнерлі бала сүйкімді»  Темірғалиева А.Г.

6а сыныбында  «Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ»  Сагнаева Р.К.

09. 02.  2-6 сыныптар аралығында «Ән –көңілдің ажары» ән фестивальі өткізілді.

09.02.  5 а- 9 а сыныптар аралығында «Жүректен

жүрекке» қайырымдылық акциясына байланысты өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Сагнаева Р.К. ұйымдастыруымен концерт өткізілді.

12.02.Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Махаббатқа толы жүрек

жылуы»  10 күндік іс-шараның жабылу жиыны

өткізілді.

Сонымен қатар 10 күндік іс-шараға белсене қатысқан оқушылар «мақтау» қағаздарымен

марапатталды.

Қорытындылай келе «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты апталық өте қызықты өтті.Оқушылар бұл апталыққа өте белсене қатысып, өздерін әр қырынан көрсете білді.  

Просмотров: 324


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст