«Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі Ақмола облысының білім басқармасы Ерейментау ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение " Основная средняя школа села Бестогай отдела образования по Ерейментаускому району управления образования Акмолинской области"

Біз Әлеуметтік желілерде

 

@ereimentau_bestogai_mektebi_

 

Байланыс нөмірі: 8771-247-80-04; 8-716-33-34-5-13

Сәрсенбі күні 

09:00-17:00

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

25-қазан Республика күні!

07.11.2024

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, "Бестоғай ауылының негізгі орта мектебі" КММ

Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша 25-қазан Республика күнін мектепшілік деңгейде аталынып өтілді.

Республика күні - бұл еліміздің мемлекеттілігі жолындағы алғашқы тарихи қадам.

1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты - Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялады.

Егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидаттары ретінде мыналар белгіленді: біртұтас мемлекет, аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, қазақ халқының және Қазақстанның басқа да халықтарының өзіндік мәдениетін, дәстүрлерін, тілін жаңғырту және дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту.

Бүгінде біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы, сондай-ақ оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз.

Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын.

Просмотров: 776


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст